×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстанның халықаралық резевтерінің көлемі қанша

13.06.2023, 12:06
rg.ru

Еліміздің халықаралық резерві 94,6 млрд долларға жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлім етті.

«Жалпы халықаралық резервтер мамыр айының соңында 94,6 млрд долларды құрады. Еркін конвертацияланатын валютадағы активтердің ұлғаюына байланысты Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері жыл басынан бастап 1,1 пайызға немесе 35,5 млрд долларға дейін 0,4 млрд долларға ұлғайды», - деді ҰБ төрағасы.

Оның дерегінше, Ұлттық қордың активтері жыл басынан бастап әлемдік индекстердің өсуі есебінен 6,1 пайызға немесе 59,1 млрд долларға дейін 3,4 млрд долларға артты.

«Ұлттық қордан республикалық бюджетке 1,9 трлн теңгеге трансферттер бөлу үшін жыл басынан бастап 2,9 млрд долларға валюталық активтер сатылды. Қорға жыл басынан бастап түскен жиынтық қаражат 2,4 трлн теңгені құрады», - деді Ғалымжан Пірматов.

Айта кетейік, бұдан бұрын Үкімет Ұлттық қордағы қаржыны 2030 жылға қарай 100 млрд долларға жеткізуді көздеп отырғаны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары