×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Блогерлер және қаржы пирамидасы: Төребаев пен Шерниязов бес жылға сотталуы мүмкін

13.06.2023, 17:44
Коллаж: ulysmedia.kz.

13 маусымда Mudarabah capital мен Astex қаржы пирамидаларының атышулы ісі бойынша сот отырысы жалғасты. Елге танымал вайнерлер жауапқа тартылып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұзақ уақыт кейінге қалдырылған сот отырысынан кейін тараптар ақыры пікірталасқа көшті.

Прокурор Ерлан Құранбаев вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты бес жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Прокурор блогерлерге қатысты айыптау тізімінен «ұйымдасқан қылмыстық топ құруға» қатысты бапты алып тастады, бірақ «қаржы пирамидасын ұйымдастырды» деген айыпты қалдырды. Қалған фигуранттар қатысты бастапқы айыптаулар күшінде қалды.

Құранбаев өз кезегінде Алмас Құрманғалиевті ұйымдасқан қылмыстық топтың (ҰҚК) басшысы болған деп санайды. Дания Рахимова, айыптаушы тараптың есептеуінше, оның оң қолы болған. Оның банк шотына қомақты қаржы аударылып, ақыры 220 миллион теңгеден астам ақша алған.

Айыптау тарапы сонымен бірге «ҰҚТ белсенді қатысушысы» ретінде Astex жетекшісі әрі құрылтайшысы Ерлан Мансұровты атайды. Сотта айтылғандай, оның есепшотына 800 миллион теңгеден астам ақша аударылған. Оның ағасы Ержан, тергеушілердің айтуынша, Құрманғалиевтен ақша алып, оның тапсырмасын орындап жүрген басқа компанияны тіркеген.

Прокурордың айтуынша Mudarabah capital директоры Руслан Бұрқанов барлық қызметті тоқтатуға тура келсе де, клиенттерден ақша жинап, олармен келісімшартқа отырған. Ақша, прокурордың айтуынша, сыртқы жобаларға бағытталған.

Ақыры, прокурор айыпталушылардың бәрін кінәлі деп тануды сұрады. Атап айтқанда соттан:

  • Құрманғалиевті – 15 жылға;
  • Дания Рахимованы - 12 жылға;
  • Ержан Мансұровты – 8 жылға;
  • Ерлан Мансұровты – 8 жылға;
  • Руслан Бұрқановты – 12 жылға;
  • Тимур Рүстемовті – 12 жылға;
  • Андрей Чаны - 12 жылға;
  • Самат Қасеновті 12 жылға соттауды сұрайды.

Сот оларды кінәлі деп тапса, аыпталушылар жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады.

Серіктес жаңалықтары