×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Ақтөбеде мұнайды заңсыз өндірген компания басшылығы қамауға алынды

14.06.2023, 10:59
фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында консервациялануға тиіс болған кеніштен мұнай өндіріп келген компанияның басшылығы қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Ақтөбе облысында мұнай кен орнында шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз шикі мұнайды заңсыз өндіру, өңдеу және сақтау фактісінің жолы кесілді.

ҚМА аумақтық департаменті анықтағандай, компания заңсыз мұнай өндіруді 2022 жылдан бері консервациялануға тиіс мұнай кенішінде жүргізген.

“Қазіргі уақытта компания бас директорының орынбасары қамауға алынып, сот шешімімен оған қатысты 2 айға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жарияланбайды”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын криптовалюта айырбастаумен заңсыз айналысқан кәсіпкер сотталған.

Серіктес жаңалықтары