×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Заңға сай әрекет етеміз – Шымкент әкімі қалада ашылатын Малышеваның емханасы жайлы

15.06.2023, 12:37
Коллаж: Ulysmedia.kz

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов қалада ресейлік тележүргізуші Елена Малышеваның клиникасы ашылуына байланысты тұрғындар наразылығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бұл клиника жайлы жазылып жатқан деректерге қанықтық. Бүгінгі күнге дейін мердігер мемлекеттік лицензия алуға өтініш бермеген. Клиниканың маңдайшасы ономастикалық комиссия келісімінсіз ілінген. Біз заңға сай әрекет ететін боламыз. Қазір мердігер орталықтың атауы жазылған маңдайшаны алып тастады”, – дейді  әкім.

Әйтеновтің сөзінше, компания Денсаулық сақтау министрлігінен лицензия алып, барлық рәсімдерді заң бойынша істесе, әкімдік тарапынан орталықтың жұмыс істеуіне ешқандай шектеу болмайды.

Еске салсақ, бұдан бұрын әлеуметтік желі қолданушылары Шымкентте Елена Малышеваның клиникасы ашылатынына наразылық білдірген болатын. Наразылықтың бірнеше себебі бар: Малышеваның Ресей Федерациясындағы қолданыстағы режимді қолдауы, оның тұлғасына қатысты жанжалдар және орталықтың маңдайшасында қазақша жазудың болмауы.

Серіктес жаңалықтары