Қайғылы оқиға қаладағы жекеменшік дамыту орталығында болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Полицияның дерегінше, алты жастағы ұл баланың үстіне шкаф құлап кеткен.
«ҚР Қылмыстық кодекстің 141-бабының 2-бөлігі «Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау, абайсызда кәмелетке толмаған баланың өлімі» дерегі бойынша тіркелді. Қылмыстық іс бойынша сараптама тағайындалған», - деп хабарлады қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Қылмыстық істі Бостандық аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тергеп жатыр.