×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Kaspi Bank-ті басып алу оқиғасы полицияның арнайы қойылымы ма

19.06.2023, 15:13
Inbusiness.kz

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Астанадағы Kaspi Bank-тің бөлімшесіндегі басқыншының ісін "полицияның имиджін көтеру үшін жасалған қойылым" деп атағандарға жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министр әуелі басқыншымен телефон арқылы сөйлескенін, кейіннен бөлімшеге кіріп, кепілге алынған қыздың орнына өзі қалуды ұсынғанын айтты.

“Ол менің сөзіме көнбеген соң арнайы жасақ іске кірісті”, – дейді Ахметжанов.

Осы орайда тілшілер министрден бұл оқиғаны “полицияның арнайы қойылымы” деп бағалаған желідегі қауесеттерге қатысты пікір білдіруін сұрады.

“Бұл жалған әңгіме. Имиджді мұндай істермен емес, басқа шаралармен көтереді”, – деп жауап берді ол.

Еске салайық, 18 маусымда Оқиға «Керуен» сауда орталығы маңындағы Kaspi Bank филиалына ер адам басып кіріп, мекеме ішіндегі 7 адамды кепілге алды.

Оқиға орнына полиция мен арнайы жасақ дереу жетіп, жақын маңдағы үйлердің барлық тұрғындары эвакуацияланды. Басқыншы кепілге алынған адамдарды өлтіруге ниетті екенін мәлімдеді.

Полицияның ер адаммен келіссөз жүргізу әрекеті нәтиже бермеген соң арнайы жасақ іске кірісті. Басқыншы ұсталып, Kaspi Bank-те кепілге алынғандар босатылды.

Бұдан бұрын ІІМ басшысы басқыншының қалай ұсталғанын егжей-тегжейлі айтып берген еді.

 

Серіктес жаңалықтары