×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Самокаттардың жылдамдығын бақылау мүмкін емес – ІІМ

22.06.2023, 10:34
Самокаттардың жылдамдығын бақылау мүмкін емес – ІІМ
Фото: Ашық дереккөзден

Электросамокат иелеріне  заң бойынша жылдамдықты сағатына 6 шақырымнан (жаяу жүргіншілер жолында) асырмау міндеттелгелі отыр. Алайда полиция өкілі бұл жылдамдықты бақылау мүмкін емес деп мойындайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сенат бүгін кейбір заңнамалық актілерге жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды қабылдады. Алайда құжат әлі жіті зерттелмей қабылданды деп есептейді кейбір депутаттар. 

Ал ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев электросамокаттардың жылдымдығын бақылау техникалық тұрғыдан мүмкін емес дейді.

«Расында да, оны техникалық тұрғыдан полиция тарапынан бақылау мүмкін емес деп айтуға болады. Себебі ондай мүмкіндік жоқ. Жол апаты болған жағдайда біз ол жерде арнайы сараптамалар жүргіземіз. Сол арқылы самокаттың жылдамдығы қанша болғанын айқындауға мүмкіндігіміз бар. Сол сараптама негізінде самокат жүргізушіні жауапқа тартуға болады», - дейді Қайсар Сұлтанбаев.

Оның айтуынша, биыл 5 айда самокаттаршылардың қатысуымен 10 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 1 адам қайтыс болған. 10 жағдайдың жетеуі Алматы қаласында тіркелген.