×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Сыртқы саясатты Тоқаев айқындайды – СІМ Назарбаев пен Лукашенконың әңгімелесуі жайлы

26.06.2023, 16:28
РИА Новости / Евгений Полойко

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларусь Президенті Александр Лукашенконың телефон арқылы сөйлесуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Журналистер Смадияровтан Назарбаев пен Лукашенконың Беларусь-Қазақстан қатынастарын талқылауына қалай жауап беруге болатынын сұрады.

"Беларусь Президенті – Тұңғыш президенттің көптен бергі серіктесі. Бұл ретте, өздеріңіз білетіндей, сыртқы саясатты, оның ішінде шет мемлекеттермен қарым-қатынасты айқындау Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құзыреті болып табылады. Сондықтан Қазақстан-Беларусь қатынастарын тек қазіргі президенттер арасында талқылауға болатындығын атап өтеміз. Күн тәртібінде проблемалық мәселелер жоқ, барлық деңгейлерде тұрақты және жан - жақты байланыс сақталған", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Беларусь президентінің баспасөз қызметі Лукашенко мен Назарбаевтың телефон арқылы сөйлесіп, екі ел арасындағы қарым-қатынасты талқылағанын хабарлаған.

Серіктес жаңалықтары