×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Бірнеше өңірге есірткі тасымалдаған ірі қылмыстық топ жетекшісі тергеліп жатыр

27.06.2023, 08:18
видеодан кадр

Қылмыстық топ мессенджер арқылы Астана, Көкшетау және Қарағандыда есірткі өткізу арнасын жолға қойған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ІІМ мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін полицейлер «Сұңқар» және жылдам қимылдайтын арнайы жасақ бөлімшелерімен бірлесіп, биылғы сәуірде құрықтады. Үш қалада 11 қылмыскер ұсталып, тоғыз мекенжай бойынша қызметтік-іздестіру иттерін тарта отырып тінту жүргізілген болатын.

Тергеу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың әрбір қатысушысы есірткіні буып-түю, сақтау, тасымалдау немесе тарату, топтың ақшалай кірістері мен шығындарын бақылау сияқты нақты рөлдерді орындағаны дәлелденді.

«Осылайша, қылмыскерлердің бірі қылмыстық бизнеспен қамтылған қалалар бойынша есірткінің аса ірі партияларын сақтауға және тасымалдауға жауапты болды. Ал екіншісі қаржылық кірістер мен шығындарды бақылау үшін топтың мүшелеріне «жалақы» төлеумен, «жоғалған» есірткілер үшін айыппұлдар салумен айналысқан», - дейді тәртіп сақшылары.

Қылмыстық топ мүшелерінің бірі есірткі сатылатын интернет-арналардың жұмысын қамтамасыз еткен. Сондай-ақ ол жаңа клиенттерді белсенді түрде тартумен айналысып, онлайн-конкурстар, ұтыс ойындары мен акциялар өткізген. Топ мүшелерінің бірі кәмелетке толмаған колледждің екінші курс студенті екенін айта кеткен жөн.

Заңсыз айналымнан үш килограмм есірткі тәркіленді. Қылмыстық іске заттай дәлел ретінде ұлттық және шетел валютасындағы қаражат, қылмыстық әркетте пайдаланылған ұялы телефондар, ноутбуктер, сим-карталар қоса тіркелді. Есірткі сататын үш интернет-дүкеннің жұмысы тоқтатылды.

«Ұйымдастырушыға және есірткі бизнесіне қатысушыларға аса ірі мөлшерде есірткінің заңсыз айналымынан басқа ҚР ҚК-нің 262-ші “Ұйымдасқан топты құру, оған басшылық ету және қатысу” бабы бойынша айып тағылып отыр. Мүлкі тәркіленіп, он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді», – деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.

Серіктес жаңалықтары