×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Күдебаев ісі бойынша апелляция жабық режимде өтуі мүмкін

29.06.2023, 17:23
Коллаж: Ulysmedia.kz

Жетісу облыстық сотында Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевтың апелляциялық шағымын қарау кейінге қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қылмыстық істер жөніндегі алқа басшысының айтуынша, адвокат Марат Рахымбаев сот тыңдауларын кейінге қалдыру туралы өтініш берген, себебі ол Павлодарда басқа процеспен айналысқан.

Алқа төрағасы қоғамдық қорғаушы ретінде қызмет ететін Күдебаевтың жұбайына наразылығын білдірді. Ол істің 27 томының үшеуі құпия құжаттар екенін атап өтті. Сондықтан адвокатсыз отырысты өткізу мүмкін емес.

Сонымен қатар, келесі отырыста алқа ашық немесе жабық режимде жұмыс істейтіні шешілетін болады.

Еске салайық, сот шешімі бойынша Алматы облысы ПД экс-басшысы Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сәуірдің басында генералдың сот үкімі шықпай тұрып Қазақстаннан қашып кеткені хабарланған болатын. Тілшілеріміз экс-шенеуніктің 23-24 наурыз күндері Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өтіп, Бішкекке арқылы Түркияға жол тартқанын анықтады. Оған халықаралық іздеу жарияланды.

27 сәуірде Бас прокуратура Серік Күдебаевтың Түркияда ұсталғанын мәлім еткен.

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Серік Күдебаевтің ел шекарасынан қалай өткенін айтты.

Ал жуырда Қырғызстанда Алматы облысы полиция департаментінің  бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың қашу ісі бойынша төрт күдікті тергеліп жатқаны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары