×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

"Ауылымыздың түбіне жететін болды": Маралдылықтар министр Қарабаевпен кездесу үшін Астанаға келді

03.07.2023, 08:53
Коллаж: Ulysmedia.kz

Шығыс Қазақстан облысы Маралды ауылының тұрғындары Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевпен кездесу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ауыл тұрғындары бірнеше жылдан бері құрамында алтын фабрикасының құрылысына қарсы күресіп келеді.

Олар фабриканың Маралды өзенінің жақын орналасатынына наразы. Олар өндіріс орны жергілікті халықтың денсаулығына залалын тигізіп қана қоймай, Қызыл кітапқа енгізілген бірегей табиғи қорықты, өсімдіктерді, жануарлар мен құстарды жойып жібереді деп алаңдаулы.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, олар өз шағымдарын барлық мекемеге жеткізген. Алайда естір құлақ болмай, шенеуніктер бір-біріне сілтеуден танар емес. Бүгін олар екі жылдан бері жалғасып келе жатқан даудың шешімін табуға үміттеніп, ИИДМ басшысымен бетпе-бет жүздесу үшін елордаға келіп отыр.

Маралдықтардың сөзінше, кездесу "санкцияланған" және министрліктің ғимаратында сағат 9:00-ге жоспарланған. Алайда материалымыз жарық көрген уақытта Қарабаев мырза әлі тұрғындар алдына келген жоқ. 

"Бүгін біз министр Қарабаевтың қабылдауына алтын фабрикасын жабу мәселесі бойынша келдік. Біз бұл компаниямен 2 жылға жуық күресіп келеміз. Шенділердің бәрі бір-біріне сілтей бергендіктен индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне өз аяғымызбен келіп тұрмыз. Бүгін біз бұл іске нүкте қоюға ниеттіміз", - деді Маралды тұрғыны Назархан Уәлиев.

Айта кетейік, Ulysmedia.kz Маралды мәселесін осы уақытқа дейін де бірнеше рет көтерген болатын.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданы Маралды ауылының тұрғындары Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевтыі келуін күтіп жүргені хабарланған. Министр жуырда алтын зауытына қарсы шыққан маралдылықтарға қарата «сәл сабыр етіңіздер, келесі аптада халықпен кездесеміз» деген. Алайда Қарабаев сол күйі төбе көрсеткен жоқ. Өз өкілдерін жіберем деген уәдесін де орындаған жоқ.

Сондай-ақ, маралдылықтар ауылға Шығыс Қазақстан әкімі Даниал Ахметовтің келуін талап еткен.

Маралдылықтар өз мәселесін экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменоваға жеткізу үшін оның Семейдегі халықпен кездесуіне де арнайы барған.

Ал бірінші вице-премьер Роман Скляр министрлерге жағдайды анықтау үшін Маралдыға барудың қажеті жоқ деп санайды.

Ulysmedia.kz тілшісі бұған дейін осы мәселе жөнінде депутаттар не ойлайтынын біліп көрген еді.

 

Серіктес жаңалықтары