×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Грузияда қазақстандық журналистің өлтірілуі: істің жаңа деректері ашылды

05.07.2023, 08:02
әлеуметтік желіден

Қоғам қайраткері Дина Таңсәрі қазақстандық журналист Жанбота Төлегеннің өлімі туралы жаңа деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тансәрінің айтуынша, Жанбота Төлегеннің өліміне күдікті Габриэль Хохобашвили 2015 жылдан бері қазақстандық журналистпен қарым-қатынаста болған, бірақ олар бірге тұрмаған.

Қоғам қайраткерінің сөзінше, кісі өлтіруші "Жанботаны алаяқтық жолмен жылжымайтын мүлікті сатуға және барлық ақшаны айырбастау пунктінде айырбастауға көндірген".

"Жанботаның әпкесі сатып алу-сатуды растайтын қажетті құжаттарды жинап, сол айырбастау пунктін тапты. Грузия прокуратурасы Қазақстан банктеріне Жанботада есепшоттың болуы және оның үйді сатудан түскен ақшаны шотқа салу мүмкіндігі туралы сұрау салды", — деді Дина Таңсәрі.

Габриэль Хохобашвили журналисті өлтіргенін мойындады, ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салайық, бұдан бұрын әріптесі Жанболат Төлегеннің өлтірілгенін мәлім еткен.

Көп ұзамай Грузияда қазақстандық журналисті өлтірген күдікті ұсталды.

Серіктес жаңалықтары