Атырау облысында өртті сөндіруге 70-тен астам қызметкер мен 17 техника жұмылдырылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сондай-ақ 8 шілдеде өртті сөндіру үшін ТЖМ ұшақтары мен өртті айнала жыртуға соқасы бар K700 тракторын тарту жоспарлануда.
7 шілдеде Каспий теңізі жағалауында ұшу нәтижесінде Атырау облысы ТЖМ күштері мен құралдары таңғы сағат 8:30-да жалпы ауданы 10 га 5 өрт ошағын анықтады. Атырау қаласынан 30 шақырым жердегі Кеңүзек ауылдық округіндегі өрт ошақтарына жеткен.
Қамыс өртеніп жатқан аумақ иесіз, яғни Каспий теңізінің жағалық аумағы.