×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

АҚШ-та полицей Қырғызстан азаматын атып өлтірді

09.10.2021, 11:49
Фото: svodka.akipress.org

АҚШ-тың Пенсильвания штатында полиция қызметкерлері Қырғызстан азаматын атып өлтірді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қырғызстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, атып өлтірілген жігіт 1993 жылғы.

svodka.akipress.org-ның мәліметінше, оқиға 5 қазан күні таңертең Клинтон округінің Грин Тауншип қаласында болған. Жергілікті тұрғындар бірнеше рет атысқан дыбысты естіген. Тұрғындардың бірі көшеге шығып, бірнеше полиция көлігі мен күзет қызметкерлерін көрген. Кейін полиция жүк көлігінде отырған Қырғызстан азаматына оқ жаудырғаны анықталды.. Жігіт бірнеше оқ жарақатын алып, қайтыс болды.

Америкалық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, өлтірілген адам қарақшылық жасады деген күдікке ілінген. Полиция оны оқиға орнына дейін іздеп барған. Қырғызстан азаматы құқық қорғау органдарына берілмей, полицейлердің талаптарын елемей, жүк көлігіне жасырынуға тырысқан.

Оның жүк көлігі үш патрульдік көлікті қағып, тоқтап тұрған жүк көлігіне соғылған. Нәтижесінде, бірнеше қауіпсіздік қызметкері жеңіл жарақат алған.

Әлеуметтік желілерде куәгерлер 28 жастағы қырғыз азаматының жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істегенін, жұмыстан шыққаннан кейін оған 3 мың доллар төленбеген, сондықтан ол жүк көлігін ұрлап кеткенін жазуда.

Елшілік марқұмның ағасымен үнемі байланыста, сонымен қатар өз құзыреті шегінде тиісті құжаттарды дайындауға қажетті көмек көрсетеді.

Серіктес жаңалықтары