×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Белгілі ғалым Әбдеш Төлеубаев өмірден өтті

11.07.2023, 08:49
әлеуметтік желіден

Белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбдеш Төлеубаев дүниеден озды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 "Әбдеш Тәшкенұлының туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Ұлттық ғылым саласы қара жамылып, дарынды археолог, тарихшы, этнографтан айырылды. Әбдеш ағамыз археология мен тарихтың тоғысында зерттеушілерден ғасырлар бойы жасырылған күрделі мәселелерді шешіп, тың бастамалар мен тарихи маңызы терең экспедицияларға бас болды.

Тарбағатай, Сауыр және Шыңғыстай бөктеріндегі археологиялық ескерткіштерді зерттеу бағытында белсенді қызмет атқарып, 70-тен астам монографиялардың, мақалалардың және ғылыми жарияланымдардың авторы. Көптеген жас археологтар мектебін өсіріп, артынан асыл мұра қалтырды. ШҚО-ның Шілікті алқабындағы қазба жұмыстары ең танымал жаңалықтардың бірі болып табылады, онда б.з. д. VIII ғасырдағы Қазақстандағы ең алғашқы Алтын адам (Шілікті) табылды.

Барлығымыз үшін бұл өте ауыр қайғы. Әбдеш Тәшкенұлының жаны жәннатта болсын!", - деп жазды Көшербаев.

Айта кетейік, биыл 15 қарашада ғалым 70 жасқа толар еді.

Серіктес жаңалықтары