×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Рыбакина Уимблдонның ширек финалында

11.07.2023, 09:06

Лондонда өтіп жатқан жылдың үшінші Үлкен Дулыға турнирі Уимблдон жалғасып жатыр. Әлемнің үшінші ракеткасы, теннисшіміз Елена Рыбакина төртінші кезеңде бразилиялық Беатрисса Хаддад-Майяны жеңіп, турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Орталық кортта өткен матч ұзаққа созылмады, себебі Хаддад-Майя ойынды жарақатына байланысты жалғастыра алмады. Есеп 4:1. Дәл осы уақытта 1-ші кортта Ленамен ширек финалда кездесетін қарсыласы анықталып жатқан еді. 2 дүркін Уимблдон чемпионы Петра Квитова (Чехия) немесе Онс Жабер (Тунис). Бұл матч та ұзаққа созылмады. Былтырғы Уимблдонның финалисті, Тунис елінің теннисшісі 6:0, 6:3 есебімен басым түсті.

Жалпы ширек финалға кімдер өтті?

Әйелдер жағынан

* Рыбакина (Қазақстан) - Жабер (Тунис)
* Соболенка (Беларусь) - Киз (АҚШ)
* Швентек (Польша) - Свитолина (Украина)
* Пегула (АҚШ) - Вондроушова (Чехия)

Ерлер жағынан

* Джокович (Сербия) - Рублев (Ресей)
* Синнер (Италия) - Сафиуллин (Ресей)
* Алькараз (Испания) - Руне (Дания)
* Медведев (Ресей) - Юбэнкс (АҚШ)

Рыбакина өзінің ширек финал матчын сәрсенбі күні ойнайды.
Айтпақшы бүгін турнирдің аралас жұптық санатында тағы бір жерлесіміз Анна Данилина француз Никола Маюмен бірге ширек финалда ойнайды. Қарсыластары Киченок (Украина)-Павич (Хорватия) жұбы.

 

Арнайы Ulysmedia.kz үшін Ерик Ильясов, Лондон

Серіктес жаңалықтары