×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Азаматтардың өтінішіне дұрыс жауап бермеген 600-ден астам шенеунік жазаланды

14.07.2023, 13:16
Азаматтардың өтінішіне дұрыс жауап бермеген 600-ден астам шенеунік жазаланды
фото: ашық дереккөзден

Жарты жылдың ішінде азаматтардың өтінішіне дұрыс жауап бермеген 614 лауазымды тұлға жауапқа тартылған. Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Мемлекеттік органдардың өтініштерді қарау сапасы ұдайы бақылауда. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет пен оның департаменттерінің тексерулері 3 мыңнан астам бұзушылықты анықтады. Әрбір факті бойынша прокурорлық ден қою шаралары қабылданып, 614 лауазымды тұлға жауапқа тартылды», - делінген ведомство мәліметінде.

Сондай-ақ, прокурорлар алты айдың ішінде бизнеске жоспарланған 500-ден астам заңсыз тексерудің жолын кескен.

«Тексеру субьектілері мен обьектілерінің бірыңғай тізілімі ақпараттық жүйесі арқылы бизнес субъектілері бақылаушы органдар тарапынан негізсіз қысымнан қорғалады. Комитет пен оның аумақтық департаментінің қадағалау шаралары 500-ден астам заңсыз тексерулердің жолын кесті», - деп жазылған Бас прокуратура дерегінде.

Айта кетейік, Қазақстанда кәсіпкерлерге 10 мыңнан астам негізсіз талап қойылып келген.