Ресейге қарсы санкциялар осы елде жұмыс істеп келген шетелдік компанияларды басқа нарық іздеуге мәжбүрледі. Олардың көпшілігі Қазақстанға көшуге ниетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров мәлім етті.
Оның дерегінше, әлемнің 40-тан астам елі Ресейге санкция салды.
«Осы елде бұған дейін жұмыс істеп келген шетелдік компаниялар кетіп жатыр. Дегенмен, олар Еуразия құрлығында қалып, бизнес жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл ретте біз Ресейге жақын орналасқандықтан, ол компаниялар Қазақстанға бет бұрмақ. Қазақстан тарапы әлеуеті зор деген 400 шақты компанияны таңдап отыр. Олардың басым көпшілігі АҚШ, Германия және Оңтүстік Корядан», - деді минист тілшілердің сұрағына берген жауабында.
Айта кетейік, бұдан бұрын Айдаров Қазақстанға қайталама санкциялар салыну қаупі жайлы айтқан болатын.