×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Есіл өзені арқылы өтетін тағы бір көпір салынбақ

22.07.2023, 13:15
Ашық дереккөз

Астанада бірқатар көпірлерді реконструкциялау және салу жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сондай-ақ Тілендиев даңғылы-Ш.Бейсекова көшесінің қиылысында көлік айрығын салу жұмысы жүргізілуде. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Астана әкімі Жеңіс Қасымбек жол жұмысы құрылысының барысымен және жол-көлік желісін дамытудың перспективалық жоспарымен танысты.

Мысалы Кенесары көшесінде Есіл өзені арқылы өтетін көпірді (КазГЮУ университетінің ауданы) жобалау жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл көпірдің құрылысы келесі жылы басталады деп жоспарланып отыр.

“Биыл Тәуелсіздік даңғылындағы көпірдің құрылысын аяқтаймыз. Бұл көпір жолдардағы кептелісті едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді: сол жағалауды Тәуелсіздік даңғылымен, жаңа теміржол вокзалымен, Қошқарбаев даңғылымен, Нәжімеденов көшесімен, Әзірет Сұлтан мешіті ауданымен, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелерімен, Момышұлы даңғылымен және т.б. қосымша байланысты қамтамасыз етеді”, – делінген әкімдік таратқан мәліметте.

Биыл 70-тен астам көше салынып, жөнделеді. 

Сонымен қатар, биыл 400 жаңа автобус жеткізіледі. Олардың 90-ы қалаға келді.

Серіктес жаңалықтары