×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

«Шымбұлақ» туристер үшін жабылды

24.07.2023, 09:22
фото: ашық дереккөзден

Бүгін «Шымбұлақ» тау курорты туристер үшін уақытша жабылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Демалыс орны әкімшілігінің мәліметінше, бүгін Шымбұлақ санитарлық күнге жабылады. Себебі, сел жүріп жаяу жүргіншілер көпірі мен су алатын құбыр істен шықты.

«21 шілдеде Тұйық-Су Альпі лагерінің маңында Кіші Алматы өзенінде табиғи апат болды – сел жүріп, жаяу жүргіншілер көпірі қирады, су қабылдағыш істен шықты. Соның салдарынан Шымбұлақта су беру тоқтатылды. Біздің мамандар су қабылдағыш станцияны лайдан тазарту жұмыстарын қарқынмен жүргізіп жатыр. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері ауа температурасының жоғарылауынан және мұздықтардың еруіне байланысты Кіші Алматы шатқалының сағасындағы су деңгейі көтеріліп, ластанып, ішуге жарамсыз күйге түскенін атап өтті. Қазір Алматы тауларында жағдай тұрақты және Төтенше жағдайлар департаментінің бақылауында. Морена көлдерінің тасу қаупі жоқ.

Серіктес жаңалықтары