×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Мұнай бағасы соңғы 3 жылдағы ең жоғары шекке жетті

11.10.2021, 16:10
Фото: Ашық дереккөзден

Мұнай баррелінің бағасы қаржы нарығындағы сатылым барысында кейінгі жылдардағы ең жоғары шекке жетті, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі Investing.com ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent-тегі желтоқсан фьючерстерінің құны сағат 8:27-ге таман барреліне $83,54 құрады. Бұл алдыңғы сессияның жабылу бағасынан $1,15 (1,4%) жоғары. Бағасы - соңғы үш жылдағы ең жоғары деңгейінде. Жұма күнгі сауда-саттық қорытындылары бойынша бұл келісімшарттар $0,44 (0,5%) - барреліне $82,39-ға дейін қымбаттаған еді.

Нью-Йорк тауар биржасының (NYMEX) қараша айындағы электрондық сауда-саттығында WTI фьючерстерінің бағасы осы уақытқа дейін барреліне $80,84 құрады. Бұл алдыңғы сессияның қорытынды мәнінен $1,49 (1,88%) жоғары. Баға белгілеулер шамамен жеті жыл ішінде ең жоғары деңгейде болады. Алдыңғы сауда-саттық қорытындылары бойынша осы келісімшарттардың құны $1,05 (1,3%) - барреліне $79,35 дейін өсті.

Өткен аптада WTI бағасы 5% астам көрсеткішке артқан еді. Бұл жетінші апта бойы қатарынан өсімді көрсетті - 2013 жылдың желтоқсанынан бергі ең ұзақ көтерілу кезеңі болды, деп жазады Trading Economics.

Brent бағасы өткен бес аптаның қорытындысы бойынша өсім көрсетіп отыр.

Баға белгілеулердің өсуіне шектеулі ұсыныс жағдайында отынға деген белсенді сұраныс ықпал етіп отыр.

Өткен аптада АҚШ Энергетика министрлігі Стратегиялық резервтен мұнай сатуды әлі жоспарламағанын хабарлаған болатын. Мемлекеттер кейде өздерінің стратегиялық резервтерін, әдетте дауылдан немесе жеткізілімдегі басқа да үзілістерден кейін пайдаланды.

 

Серіктес жаңалықтары