×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Белсенді Ермек Нарымбай бостандыққа шықты

31.07.2023, 08:50
Белсенді Ермек Нарымбай бостандыққа шықты
Фото: Ашық дереккөзден

Бұл туралы оның адвокаты Жанар Балғабаева әлеуметтік желіге жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“31.07.2023 жыл. Таңертеңгі уақыт. Жақсы жаңалықтар көп болсын. Ермек Нарымбайды қарсы алдық”, – деп жазды адвокат.

Естеріңізге сала кетейік, Ермек Нарымбай Алматы әуежайында 2022 жылдың ақпан айында ұсталған болатын. Бірнеше айдан кейін ол түрмеде азапталғаны туралы мәлімдеді және аштық жариялады.

Ермек Нарымбай — "Назарбаев – кет!" ұранының авторы саналатын оппозициялық саяси белсенді. 2010 жылы ол өз жақтастарын жинап, Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік өкілеттігінен айыру үшін референдум өткізуді талап етті. Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

2016 жылы Нарымбай "Ветер с улицы" кітабынан үзінді жарияланғаннан кейін алауыздық тудырғаны үшін сотталды. Белсенді үш жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды, бірақ тыйым салынғанына қарамастан, ол  Қазақстаннан кетіп, Украинаға көшті.

2022 жылы қаңтардағы оқиғалардан кейін Нарымбай отанына оралып, пробациялық бақылауды бұзғаны үшін тергеу изоляторына жіберілді.