×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Түркияда апатқа ұшыраған қазақстандықтардың жағдайы белгілі болды

31.07.2023, 08:54
фото: ашық дереккөзден

ҚР Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтардың Аланияда апатқа ұшырауына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Ағымдағы жылдың 30 шілдесінде таңертең Аланияда Қазақстанның 12 азаматын тасымалдаған шағын автобустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Түрік полициясынан алынған алдын-ала мәліметтер бойынша, автобус жүргізушісі жүк көлігіне жоғары жылдамдықпен кірген. Соқтығысу салдарынан зардап шеккендер бар, олар шұғыл түрде жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Азаматтарымыздың денсаулығының барлық жағдайлары мен жай-күйін анықтау үшін қазақстандық консул дереу Аланияға барып, медициналық мекемелерге барып, зардап шеккен отандастарымызбен кездесті”, – делінген хабарламада.

12 азаматтың екеуінің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

“Оларға ота жасалды, барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Қалған 10 отандасымыздың, оның ішінде 4 баланың жағдайы қанағаттанарлық, өмірлеріне қауіп төнңп тұрған жоқ. Барлығының медициналық сақтандыруы бар”, – деп мәлім етті ведомство.

Еске салайық, бұдан бұрын Түркияның Алания курортында қазақстандық туристер мінген шағын автобус апатқа ұшырағаны хабарланған.

 

Серіктес жаңалықтары