×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Назарбаевтың немересі "Транстелекомның" директорлар кеңесін басқаратын болды

01.08.2023, 08:27
ҚазҰПУ

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі Нұрәли Әлиев "Транстелеком" АҚ Директорлар кеңесін басқаратын болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мұндай шешім 25 шілдеде акционерлердің жалпы жиналысында қабылданған

Директорлар кеңесінің құрамында: Әлиев Н.Р., Покупателев Д.А., Өтемұрат Б. М., Гумаров Э. М., Ахметжанов А.М., Чеховский В. А., Ибраимов К.У. бар.

KASE мәліметінше, компания 2022 жылдың қорытындысы бойынша акционерлерге дивидендтер төлемейді.

"Транстелеком" акционерлері – "Unit Telecom" ЖШС (75% үлесі) және "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы (25% үлесі).

Нұрәли Әлиев – Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің тұңғыш баласы. Аида – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының бұрынғы төрағасы Берік Имашевтің қызы. Ол Швейцария мен АҚШ-та білім алған.

Қаңтар айындағы оқиғалардан кейін Назарбаевтың балалары мен немерелері Дубайға қоныс аударды.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда путиншіл әнші Григорий Лепстің концерті өтпек болған Қонаев қаласындағы Makao Luxury Village Resort компаниясының ойынханасына Нұрәли Әлиевтің қатысы бар екені белгілі болды

Ал бір ай бұрын депутат Ермұрат Бапи Назарбаевтың айналасы Қазақстанның активтерін қалай тартып алғанын айтып берді.

Серіктес жаңалықтары