×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Биыл 1-сыныпқа баратын оқушылардың қаншасы қазақша оқиды

01.08.2023, 13:19
sputnik.kz

Елімізде 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау мерзімі аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Құжаттарды қабылдау толық төрт ай, яғни 1 сәуірден 1 тамызға дейінгі аралықта жүргізілген болатын. Құжаттарды қабылдау еgov.kz электронды порталы және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылды.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, осы мерзім ішінде қазақстандықтардан 377 681 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 339 880 оқушы бірінші сыныпқа қабылданды. Өтініш берішулердің 70,7% мектепті мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірді.

Бірінші сыныпқа қабылданушылардың ең жоғары көрсеткіші Шымкент қаласында (99,3%), Павлодар (97,6%), Шығыс-Қазақстан (96,6%) облыстарында тіркелген.

Айта кетейік, бұдан бұрын оқу-ағарту министрі биыл ел мектептерінде 1-сыныпқа қабылданатын оқушылар үшін орын қаншалықты жеткілікті екенін сұраған.

Серіктес жаңалықтары