×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Дәрігерлер Қарағандыда уланған балалардың жағдайын айтты

03.08.2023, 08:43
Дәрігерлер Қарағандыда уланған балалардың жағдайын айтты
фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы қаладағы балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында уланған балалардың жағдайы туралы мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Басқарма басшысының орынбасары міндетін атқарушы Ирина Тасмағамбетованың айтуынша, стационарлық ем қабылдап жатқан балалардың жағдайы тұрақты.

“1 тамызда түскен екі пациенттің бірінің жағдайы орташа деңгейде ауыр, ал екінші баланың жағдайы қанағаттанарлық. Екеуі де бөлімшеде”, – деді ол.э

Еске салайық, 30 шілдеде Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалар жаппай уланғаны хабарланған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, балалардың улануына тамақтың қатысы жоқ.

Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл осы оқиғадан кейін елдегі 84 әлеуметтік мекеменің барлығы жіті тексерілетінін мәлім етті.

Сондай-ақ, Қарағандыда балалар уланған орталықтың 12 қызметкері жұмыстан шеттетілгені белгілі болды.

Бұдан бұрын порталымыздың тілшісі нейропсихиатриялық аурулары бар балалар ем қабылдайтын жабық мекемеде не болғанын анықтауға тырысып көрген.