×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Елімізде қыз алып қашқандарға жаза күшейтіледі

04.08.2023, 11:37
turkystan.kz

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық пен әйелдердің құқықтарын бұзу мәселелеріне талдау жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл турады ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мәлім етті.

“Бұл мәселе бүкіл әлемде өте өзекті. 736 миллион әйел физикалық және басқа да зорлық-зомбылыққа ұшырады. Оның 640 миллионнан астамы (87%) 15 жастан асқан қыздар мен әйелдер. Тек соңғы екі жарым жылда біздің елде үй агрессорлары 300 адамның өліміне себепкер болды. Денсаулыққа ауыр зиян келтірудің 913, ал денсаулыққа орташа зиян келтірудің 837 жағдайы тіркелді. 37 мыңнан астам адам әртүрлі жауапкершілікке тартылды”, – делінген хабарламада.

Омбудсмен мәжбүрлі некеге тұрған қыздардың серіктестерінің жыныстық, физикалық және психологиялық зорлық-зомбылықтың құрбаны болуы жиілегеніне алаңдаулы. Көбінесе мәжбүрліп неке құрған қыздарды білім мен мамандық алу мүмкіндігінен айырады, бұл олардың тәуелді және осал жағдайын одан сайын нашарлатады.

“Некеге тұру үшін қыздарды ұрлау тәжірибесі елемізде, әсіресе оңтүстік аймақтарда жиі кездеседі. Кейбір жағдайларда мұндай әрекеттер жыныстық тұтастықты бұзуға, ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлауға, заңсыз бас бостандығынан айыруға және тіпті өз-өзіне қол жұмсауға да әкеледі. Ұлттық дәстүр, әдет-ғұрыптар сынды стереотиптерді басшылыққа алып, жоғарыда аталған оқиғалар жайында хабарламау жағдайды ушықтырып барады. Жастар қылмыстық жауапкершілік туралы білмейді. Бұл ауыр қылмыс, адамның жеке басына қол сұғу мен бостандық құқығын өрескел бұзу екенін түсінбейді”, – дейді уәкіл.

Адам ұрлаумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды талдау көрсеткендей, 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін аталған санаттағы 214 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Бұл ретте некеге тұру мақсатында қыздарды ұрлау бойынша нақты статистикалық деректер жоқ, өйткені Қылмыстық кодексте мұндай құқық бұзушылықтың жеке құрамы көрсетілмеген.

“Омбудсмен өкілдері қатысушыларды құқық қорғау мекемесі қызметінің негізгі бағыттарымен, сондай-ақ некеге мәжбүрлеп тарту мәселелеріне жүргізілген талдау нәтижелерімен таныстырмақ. Қазіргі уақытта ұлттық құқық қорғау мекемесі қылмыстық заңнамаға бірқатар түзетулер, атап айтқанда жеке бапты енгізуді және жәбірленуші өз еркімен босатылған жағдайда қылмыскерді қылмыстық жауаптылықтан босатуды көздейтін Қылмыстық кодекстің 125-бабына ескертпені алып тастауды қарастыруда”, – делінген хабарламада.

Орталық Азия елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан қылмыстық заңнамаларында әйелдерді некеге мәжбүрлеп тұрғызу мақсатында ұрлау туралы жеке бап бар. Осы орайда омбудсмен Қылмыстық кодекске «Неке қию мақсатында адамды ұрлау» деген 125-1 бапты енгізу туралы ұсыныс жолдаған. Бас прокуратура бұл ұсынысты қолдағаны атап өтілді.

Серіктес жаңалықтары