×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қазақстанда Ресей әскерінің таңбалары бейнеленген тауарлар сатуға тыйым салынбақ

04.08.2023, 16:08
Қазақстанда Ресей әскерінің таңбалары бейнеленген тауарлар сатуға тыйым салынбақ
76.ru

Бүгінгі таңда мемлекеттік органдар Бас прокуратураның қатысуымен этносаяси рәміздердің ("Шығыс Түркістан", "Күрд жұмысшы партиясы", "Вагнер" және т. б.) сауда желілері арқылы таралуына жол бермеу бойынша құқықтық негіздерді пысықтауда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Атамекен" ҰКП-ға сілтеме жасап.

2022 жылы Ресейдің Украинаға қарсы соғысының басталуына байланысты Қазақстанда киім, ойыншықтар, көлік құралдарында "Z" немесе "V"символикасын бейнелеу фактілері жиілеп кетті.

"Ойыншық балалар өнімдерін сауда желілерінде "Ресей армиясы", "Сыпайы адамдар" және т.б. атаулармен сату және жарнама фактілері байқалады, бұл қоғамда әртүрлі реакциялар тудырды", – делінген хабарламада.

Осыған байланысты Бас прокуратура биыл Үкіметке қарулы қақтығыстарда, басқа мемлекеттердің егемендігі мен саяси режиміне қарсы әскери немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерінде қарама-қарсы тараптар пайдаланатын атрибуттарды, рәміздерді, белгілерді дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау және ҚР аумағына таратуға заң жүзінде тыйым салу және әкімшілік жауапкершілік белгілеу туралы ұсыныс жіберген.

"Мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган – сауда және интеграция министрлігіне жүктей отырып, ҚР аумағында таратуға және пайдалануға тыйым салынған этносаяси рәміздерді/өнімдерді сатуға тыйым салуды заң нормасына енгізу туралы мәселені қарау ұсынылды", - делінген хабарламада.

Тиісті түзетулер қабылданғанға дейін прокурорлар мынадай ұсыныс жасап отыр:

  • этносаяси бағыттағы баспа бланкілерін, ойыншық өнімдерін, кәдесыйларды, сондай-ақ халық тұтынатын өзге де тауарларды сатуға тыйым салу;
  • сауда алаңдарын жалға берушілерді айына кемінде бір рет жалға алушылар өткізетін өнімдерге шолу жасауға міндеттеу.

Айта кетейік, бұдан бұрын Астанадағы балалар дүкенінде ресейлік "Z" таңбалары бар ойыншықтар сатылғаны анықталған.