×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Дизельдің қымбаттауы инфляцияны тұрақтандыруға бөгет болып отыр - Досаев

12.10.2021, 09:03
Фото: Ашық дереккөзден

Ұлттық банк басшысы инфляция аясының нашарлауына не себеп болып отырғанын айтып берді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Көкөніс бағасының 8,7% және жеміс бағасының 2,4% төмендеуіне қарамастан, Қазақстанда инфляция 8,9% жетіп, жылдамдауын жалғастырды. Бір айда ет (1,3%), өсімдік майы (0,6%) және қант (1,1%) бағасының өсуіне байланысты 11,4%-тен 11,5%-ке дейін жеделдеген азық-түлік инфляциясының негізгі үлесі жалғастып барады. Азық-түлікке жатпайтын инфляция қыркүйекте дизель (бір айда 3,8%), газ (0,9%) және көмір (1,9%) бағасының көтерілуі аясында 7,3%-тен 7,5%-ке дейін 0,2 пайыздық тармаққа өсті», - деді Ерболат Досаев.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, жанар-жағармайдың қымбаттауы және дәнді-дақылдар бағасының өсу ықтималдығы инфляцияны тұрақтандыруға айтарлықтай тәуекел туғызып отыр. Сыртқы инфляциялық аяның, әсіресе Ресей сияқты негізгі сауда әріптестері болып табылатын елдердің инфляциялық аясының нашарлауы инфляциялық қысымның қосымша көзіне айналған.

«Мұндай жағдайларда монетарлық емес факторларды тұрақтандыруға бағытталған инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешенін тиімді іске асыру тетігі 2021 жылы инфляцияны дәліздің жоғарғы шегі 7,5-8,5%-ке қайтаруы тиіс. Өз тарапынан, ұлттық банк сыртқы нарықтар мен ішкі ахуалға жан-жақты талдау жасау негізінде дезинфляциялық ақша-кредит саясатын жүргізуді жалғастырады», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары