×
523.17
550.06
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.17
550.06
4.93

Жаңа алгоритм: Шетелдегі қандастар Қазақстанға 4 санат бойынша қоныстанып жатыр

08.08.2023, 10:02
Жаңа алгоритм: Шетелдегі қандастар Қазақстанға 4 санат бойынша қоныстанып жатыр
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары - еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрдің сөзінше, 1 шілдеден бастап Қазақстанның консулдықтары шетелдегі қандастарымыздың өтініштерін «Бір терезе» қағидаты бойынша қарай бастады.

“Қандастарды елге қоныстандырудың жаңа алгоритмі жасалып, ол 4 санат бойынша жүргізіле бастады. Біріншіден, жұмыс берушілердің сұранысы бойынша қажетті кәсіп иелерін тарту. Мұндай сұраныс  жұмыс күші жетпей жатқан барша өңірлердің жұмыс берушілерінен түсуі мүмкін, бұл ретте қандастарымыз сол жұмыс берушінің локациясындағы өңірге жіберілетін болады. Екіншіден, қандастарымыздың ата-анасы немесе балалары ертерек келіп, азаматтық алып, белгілі бір кәсіппен шұғылданып жүрген болса, онда шет елдік қандастарымыз отбасымен, олар тұрып жатқан жерге отбасымен қауышу мақсатында көшіп келуі мүмкін. Үшіншіден, өңірлер өз территориясында  даму әлеуеті бар елді мекендерді анықтап, сол жерлерге демографиялық үдерісті күшейту мақсатында қандастарымызды шақыру мүмкін. Төртіншіден, Үкімет айқындаған өңірлерге жолдама беру”, – деді Дүйсенова,

Ведомство басшысы әлеуметтік пакет тек төртінші, яғни Үкімет айқындаған өңірлерге жолдама алған қандастарымызға ғана берілетінін атап өтті.

Жыл басынан бері Қазақстанға 13569 қандас бауырымыз оралды, оның 8547-сі еңбекке қабілетті азаматтар. Олар әлеуметтік қолдау және бейімдеу, жұмысқа орналастыру шараларымен қамтылған.

Еске салайық, бұдан бұрын қандастарға «Ата жолы» картасы 2023 жылдың шілдесінен бастап беріле бастайтыны хабарланған.