×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанда дәптер мен қалам күрт қымбаттады

08.08.2023, 16:26
Қазақстанда дәптер мен қалам күрт қымбаттады
фото: ашық дереккөзден

Елімізде кеңсе тауарларының бағасы едәуір өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Мектеп дәптері – 77,2%, қалам – 38,6%, түсті қарындаштар – 41,9%, сурет альбомы – 44,1% қымбаттады”, – делінген Ұлтты статистика бюросының хабарламасында.

Жалпы, өткен жылдың шілде айымен салыстырғанда кеңсе тауарларының бағасы 2023 жылдың шілдесінде 64,4% өскен.

Айта кетейік, Қазақстан инфляция деңгейі жөнінен ЕАЭО елдерінен алда тұр. Мамыр айының қорытындысы бойынша Қазақстанда бағаның жылдық өсуі 14,6 пайызды құрады. Ал Қырғызстанда небәрі 10,5 пайыз.

Бұдан бұрын Еуразиялық экономикалық комиссия Қазақстандағы инфляцияны төмендету жолдарын ұсынған.