×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Гүлнәр Кәрімованың Ұлыбританиядағы 25 млн долларлық мүлкі тәркіленді

09.08.2023, 08:48
Getty Images

Алаяқтыққа қарсы күрес бюросы Өзбекстанның экс-президентінің қызы Гүлнәр Кәрімоваға тиесілі екі элиталық пәтер мен зәулім үйді тәркілегені туралы мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Элиталық жылжымайтын мүліктің құны 25 миллион доллардан асатыны хабарланды. Пәтерлер Лондонның бай-бағландар тұратын ауданында, ал сарай Суррей округінде орналасқан.

Ұлыбритания билігі тәркілеу туралы шешім қабылдаған соң бюро Кәрімова мен оның отбасы жылжымайтын мүлікті Өзбекстандағы сыбайлас жемқорлық қызметінен түскен қаражатқа сатып алды деген қорытындыға келді.

Әңгіме 2004-2012 жылдар аралығында телекоммуникациялық компаниялардан пара ретінде алынған жүздеген миллион доллар туралы болып отыр.

Кәрімованың өзі Өзбекстанда жазасын өтеп жатыр: үш жыл бұрын ол қылмыстық топты ұйымдастырғаны, алаяқтық жасағаны, ұрлағаны үшін 13 жылға сотталды.

Бұған дейін Өзбекстанның экс-президентінің үлкен қызы Гүлнәр Кәрімованың 131 миллион долларлық активтері Швейцариядан елге қайтарылатыны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары