×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Жыл соңына дейін Қазақстанда ұялы байланыс және интернет тарифтері өседі

11.08.2023, 14:39
Коллаж: Ulysmedia.kz

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ulysmedia.kz тілшісі ұялы байланыс операторларының басшыларынан 2023 жылдың соңына дейін тарифтер көтеріле ме деп сұрады.

Mobile Telecom-Service (Tele2/Altel) бас директоры тарифтердің көтерілуі бірнеше мәселеге байланысты екенін атап өтті.

"Белсенді базаның құрылымында болатын тарифтерге байланысты өсім бар. Сондықтан тарифтердің қайсысы монетизация кезеңінен өткенін, қайсысы өтпегенін айту қазір маған қиын. Сондықтан базасы, жыл соңына дейін ұлғаюы мүмкін", – дейді Сергей Коньков.

Ал Beeline-Қазақстанның бас атқарушы директоры Евгений Настрадин бағаны өсіру компания жоспарында жоғын айты.

"Шынымды айтсам, бұл біздің жоспарларымызда жоқ, сондықтан көтерілмейтін шығар", – деді ол.

"Кселл" АҚ басқарма төрағасы Асхат Өзбеков қойылған сұраққа жауап бере алмайтынын жеткізді.

"Дәл қазір жауап беруге дайын емеспін Мен мұнда сұрақтарға жауап беру үшін келдім. Менің жауабым - дәл қазір жауап бере алмайтынымды білдіреді”, - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін "Қазақтелеком" құрамынан жаңа ұялы байланыс операторы бөлініп шығатыны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары