×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Маңғыстауда мұнайшылардың қысқаруы: компания жұмысшыларға ұсыныс жасады

14.08.2023, 12:02
Маңғыстауда мұнайшылардың қысқаруы: компания жұмысшыларға ұсыныс жасады
видеодан кадр

Маңғыстауда жұмыстан қысқарып қалған жұмысшыларға сервистік компаниядан жұмыс ұсынылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz  Lada.kz-ке сілтеме жасап.

"TOTAL E & P Dunga" компаниясы жұмысшылардың қысқарғанын растап, жұмыс орындарын босату еңбек заңнамасына сәйкес жүргізілгенін мәлім етті.

- Компанияның жағдайы мен көп жылдық тәжірибесін ескере отырып, оларға балама нұсқа ретінде төрт айлық жалақы мөлшерінде өтемақы төлей отырып, тараптардың келісімі бойынша еңбек шарттарын бұзу ұсынылды. Бұдан басқа, компания қысқартылатын жұмыскерлерге жалақыны сақтай отырып, сервистік аутсорсингтік компанияда жұмысқа орналасуды, жалақыға бес пайыз үстемеақы төлеуді ұсынды, - деп хабарлады компания.

Қазіргі уақытта "TOTAL E & P Dunga" хабарлағандай, бес жұмысшы ұсынылған жұмысқа орналасуға келіскен. Басқа жұмысшыларға шешім қабылдауға қосымша уақыт беріліпті.

Еске салайық, бұдан бұрын «TOTAL E & P Dunga» компаниясының Түпқараған ауданындағы жиырмаға тарта жұмысшысы Тоқаевқа видеоүндеу жолдаған.