×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Коммуналдық қызметтер қымбаттады: Алматыда кімдерге өтемақы төленеді

15.08.2023, 12:34
фото: ашық дереккөзден

 Алматыда коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету қағидалары бекітілді және халықтың әлеуметтік осал топтары үшін өтемақы мөлшері белгіленді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазіргі уақытта қалада ХӘОТ санатына жататын 315 430 азамат тұрады. Оның ішінде: жасы бойынша 237 740 зейнеткер, 35 562 көпбалалы ана және көпбалалы отбасы. Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар 28 433 адам, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 8 591 отбасы, мемлекеттік мекемелерді орындау кезінде қаза тапқан адамдардың 534 отбасы, соғыс ардагері – 54 , басқа мемлекеттер аумағындағы 2 987 жауынгерлік іс-қимыл ардагері, сонымен қатар жеңілдіктер бойынша соғыс ардагерлеріне теңестірілген 1 538 адам», - деп хабарлады қала әкімдігі.

Коммуналдық тарифтердің өсуіне байланысты өтемақы ХӘОТ өтініші бойынша 2023 жылғы 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейін ай сайын 0,5 АЕК (1 725 теңге) мөлшерінде төленеді. Бұл сома сумен жабдықтау, су бұру, газ, жылыту және т.б. қосқанда, 12 қызмет бойынша тарифтердің өсуін жабады.

“ХӘОТ санатына жататын тұлғаларға өтемақы ресімдеу үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне немесе әлеуметтік қызметтер үйіне өтінішпен жүгіну қажет. Мүгедектігі бар адамдар «Е-gov» электрондық үкімет порталы арқылы өтініш бере алады. Өтініштер қаралып, оң шешім қабылданғаннан кейін төлемдер өтініш берушілердің екінші деңгейдегі банктердегі шотына түседі”, – деп түсіндірді шаһар басшылығы.

Айта кетейік, осы айда қазақстандықтар коммуналдық қызметтер үшін жаңа баға белгіленген түбіртектерді ала бастайды.

Бұдан бұрын Астанада су, жарық пен жылу бағасы қаншалықты өскені хабарланған.

Серіктес жаңалықтары