×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

2 айдан бері сөнбеген «Оңтүстік Қаратұрындағы» өрт экологияға қандай зиян келтірді

22.08.2023, 17:14
Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті

Маңғыстау облысында "Оңтүстік Қаратұрын" кен орнында екі айдан астам уақыт бұрын тұтанған өрт әлі сөндірілген жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жергілікті экологтардың айтуынша, өрттің экологияға тигізген залалы апат жойылғаннан кейін есептеледі.

Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің мәліметінше, мамандар өрт кезінде ластаушы заттардың болуына атмосфералық ауаны өлшеген. Нәтижесінде метан - 2540 мг/м3 ластаушы зат бойынша шекті рұқсат етілген концентрациядан асып кеткені анықталды.

"Экологтар оқиға орнының атмосфералық ауасының аспаптық сынамаларын мезгіл-мезгіл іріктеп алады. Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті апатты жойғаннан кейін қоршаған ортаға келтірілген залалдың көлемін анықтау мақсатында жоспардан тыс тексеру тағайындайтын болады", - дейді облыстық экология департаментінің басшысы Руслан Төкенов.

Еске салсақ, Маңғыстау облысындағы «Оңтүстік Қаратұрын» мұнай-газ кен орнында өрт 9 маусым күні  тұтанған болатын.

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин өртке қатысты тексеру жүргізу қажеттігін айтып, аталған кен орнындағы былықтарды жайып салған.

Серіктес жаңалықтары