×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алғашқы басшысы қайтыс болды

24.08.2023, 18:02
gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алғашқы басшысы, генерал-лейтенант Болат Баекенов дүниеден өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы мемлекеттік күзет қызметі мәлімдеді.

 

“Бүгін ұзаққа созылған науқастан кейін еліміздің арнаулы мемлекеттік органдар ардагері генерал-лейтенант Болат Баекенов қайтыс болды. Болат Әбдірахманұлы әр жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетін, Ішкі істер министрлігін басқарды, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды. 1997-2001 жылдары генерал-лейтенант Қазақстан Президентінің күзет қызметіне жетекшілік етіп, ведомствоның дамуына зор үлес қосты. Мемлекеттік күзет қызметі генерал-лейтенант Болат Баекеновтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады”, – делінген хабарламада.

Болат Әбдірахманұлы1942 жылы 21 қарашада Батыс Қазақстан облысының орталығы Оралда дүниеге келген.

  • Тәуелсіздік алғаннан кейін сол кездегі Қазақстан мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (1992 жылдың шілдесінен бастап ҚР ҰҚК) төрағасы болып тағайындалды.
  • 1993-1994 жылдары Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды.
  • 1994-1995 жылдары — Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрі.
  • 1997 наурызда - Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Президенті күзет қызметі бастығы болып тағайындалды.
  • 2001 жылы құрметті демалысқа шыққан.
Серіктес жаңалықтары