Ресей билігі мобилизациядан қашқандарды азаматтықтан айыру жөнінде заң шығарғалы жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мемлекеттік Думаға мобилизациядан қашқандарды азаматтықтан айыру туралы заң жобасы ұсынылады. Бұл туралы дума депутаты Михаил Матвеев өзінің Telegram-арнасында жазды.
«Әскери тіркеуден және жұмылдырудан жалтарғаны үшін азаматтықтан айыру жөніндегі заң жобасы дайын. Келесі аптада ол Мемлекеттік думаның қарауына жіберіледі», - дейді депутат.
Ал жақында жарты жылда 5 мыңға жуық қазақстандық Ресейге көшіп кеткені хабарланған болатын.