×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Контрабанда мен есірткі тасымалы: ҰҚК қазақ-қырғыз шекарасындағы кептелістердің себебін айтты

28.08.2023, 17:46
көрнекі фото

ҚР ҰҚК Шекара тамызда шекаралық кеңістікте, соның ішінде шекара арқылы өткізу пункттерінде заңсыз іс-әрекетке қарсы тұру бойынша өткізілген шаралар кешенінің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомство мәліметінше, көлік құралдары техникалық қарау құралдарын және қызметтік иттерді қолдану арқылы тексерілген.

“Шекара қызметі өткізілген іс-шара қорытындысы бойынша 35 есірткі затын, 33 қару-жарақ пен оқ-дәріні өткізу фактілерінің,  20 қолдан жасалған жалған құжаттарды, 36 қос азаматтық пайдалану фактілерінің, сомасы 2 млрд теңгені құрайтын 299 контрабанданың, жалған құжаттар бойынша автомашиналарды кіргізу және шығарудың 27 әрекетінің алдын алды.Сондай-ақ 909 көші-қон заңнамасын бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – делінген хабарламада.

Шекара қызметі 2023 жылғы 28 тамыздағы жағдай бойынша өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын мәлім етті.

Өткен тәулікте қазақ-қырғыз шекара учаскесіндегі «Қарасу» (Қазақстан Республикасы) – «Ақ-тілек» (Қырғыз Республикасы) өткізу пункттерінде Қазақстан аумағына 350-ден астам автокөлік өткізілген.

“80-100 автомашинаға дейінгі кезек байқалады, бұл осы маусымға және тәуліктік көрсеткіштерге сәйкес. Қазақ-қырғыз шекара учаскесіндегі басқа автомобильдік өткізу пункттерінде автокөлік құралдарының кептелісі жоқ”, – деп түсіндірді ведомство.

Бұдан бөлек, қайта жаңартуға байланысты Өзбекстанмен шекарада қазақстандық «Жібек жолы», «Жетісай», «Б.Қонысбаев атындағы» және «Қазығұрт» өткізу пункттерінің алдында автокөлік құралдарының кептелісі бары атап өтілді.

Еске салайық, бұған дейін қазақ-қырғыз шекарасында жүк көліктері қаңтарылып тұрғаны хабарланған. Жүргізушілер жүк көліктерінің Қазақстанға кіргізілмеу себебіне қатысты түрлі нұсқа айтты. Олардың бірі бойынша, бұл Қырғызстанның Қазақстанға суармалы су жеткізуді тоқтатуына байланысты. Екінші нұсқа – қазақстандық шекарашылар есірткі тиелген өзбекстандық жүк көлігін іздеп жатыр деген болжам бар.

Бұдан бұрын Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекарадағы жағдайға қатысты түсініктеме беріп, өткізу пунктерінде ешқандай шектеулер енгізілмегенін мәлімдеген.

23 тамызда шекарада қаңтарылған көліктер саны 600-ден асып жығылғаны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары