×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Орыстілді мектептер жайлы даулы мәлімдемесінен кейін Ресей елшісі Қазақстаннан кетті

28.08.2023, 18:03
Орыстілді мектептер жайлы даулы мәлімдемесінен кейін Ресей елшісі Қазақстаннан кетті
фото: ашық дереккөзден

Ресейдің Бас консулы Евгений Бобров Қазақстандағы жұмысын аяқтап, Алматыдан кетті. Ол елімізде орыс тілінің қолданысы төмендегені және орыс тілді мектептердің қысқаруы туралы мәлімдемесінен бірнеше күн өткен соң қызметімен қош айтысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Ресей диплогматының сөздері шындыққа жанаспайтынын айтты.

"Мүмкін, бұл адам біздің елде болып жатқан барлық ақпараттан хабардар болмаған шығар. Менде білім министрлігінің қай мектептер қай тілде оқытатыны туралы мәліметі бар. 7 711 мемлекеттік мектептің 3 957-сі тек қазақ тілінде оқытады. 1 203 мектеп – орыс тілінде. Ал 2 551 мектеп – қазақ және орыс тілдерінде", - деді Смадияров.

Ол еліміздің барлық мектептерін тек қазақ тіліне толық көшіру жоспарларланып отырмағанын айтты. Барлық қазақстандықтар мектепте балаларын қай тілде оқытатынын таңдауға құқылы.

СІМ өкілі Евгений Бобровтың енді Қазақстанда жұмыс істемейтінін мәлімдеді.

"Бұл қызметкер енді Қазақстанда жұмыс істемейді. Ол дипломатиялық миссиясын аяқтады", - деп жауап берді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы Ресей Федерациясының бас консулы Евгений Бобров Қазақстанжа соңғы жылдары орыстілді мектептер мен сыныптар санының азайғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, қазақ тілінде оқитын бірінші сынып оқушыларының оқу бағдарламасынан «Орыс тілі» пәнінің алынып тасталуы қоғамда біраз алаңдаушылық тудырды.