×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Министр Қазақстан әскерінің Украина шекарасындағы оқу-жаттығуларға жіберілу себебін айтты

29.08.2023, 10:25
Министр Қазақстан әскерінің Украина шекарасындағы оқу-жаттығуларға жіберілу себебін айтты
ҰҚШҰ

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымының оқу-жаттығуына қатысу үшін Қарулы күштердің 11 әскери қызметшісі Беларуське кеткенін растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкімет кулуарында тілшілер министрден оқу-жаттығулардың неге дәл Украинамен шекарада өткізілетінін сұрады.

«Бұл жерде Украина локациясының қатысы қанша? Беларусь бейбіт мемлекет әрі ҰҚШҰ мүшесі. Тиісінше, оқу-жаттығудың өтетіні жайлы шешім алдын ала хабарланады. Қандай да бір қауіп жоқ», - дейді Жақсылықов үкімет кулуарында.

Қорғаныс министрінің айтуынша, ол жаққа 11 адам барған.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің өкілдері «Жауынгерлік бауырластық-2023» бірлескен жедел-стратегиялық оқу-жаттығуына қатысу үшін Беларусь Республикасына бүгін жеткен. Оқу-жаттығуға қатысушыларды Брест әуежайында Қорғаныс министрлігі мен Беларусь Қарулы Күштерінің арнайы операциялық күштерінің өкілдері қарсы алған.

Қыркүйектің 1-6 аралығында Беларусьте «Жауынгерлік бауырластық-2023» бірлескен жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы өтеді. Ашылу салтанаты Брест батыр бекінісінде өтеді.