×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

«Триллиард емес триллион»: Қаржы министрі бюджет жобасында қате кеткенін мойындады

29.08.2023, 10:54
Фото: Ulysmedia.kz

Үкімет басшысының орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2024-2026 жылдарға арналған бюджет жобасында қате кеткенін мойындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ulysmedia порталына алғысымыз шексіз. Олар дер кезінде үтірдің дұрыс қойылмағанын айтты. Ол жерде триллиард емес, 2,3 трлн теңге болған», - деді Ерұлан Жамаубаев.

Үкіметтің бүгінгі отырысында Жамаубаев келесі жылы Ұлттық қордан тағы 3,6 трлн теңге трансферт алынатынын хабарлаған еді. Бұл қаншалықты дұрыс деген сұраққа вице-премьер былай дейді:

«Біз жылдан жылға трансферттерді азайту бойынша міндеттемелерді алдық. Президенттің де, халықтың да қойып отырған талабы сол. Бірақ біз қазір табысты бірден арттыру мүмкін емес екенін көріп отырмыз. Егер біз дефицитті көбейтсек, мемлекеттің қаржыландыруын арттыру керек боламыз. Дегенмен, Ұлттық қор жылдан жылға көбейіп, 2030 жылға дейін оның мөлшерін 100 млрд долларға жеткізу жөнінде міндеттемемізді орындаймыз», - дейді Жамаубаев.

Еске салайық, бұдан бұрын қаржы министрлігі 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасын жариялаған. Ulysmedia.kz тілшісі елдің басты қаржылық құжатын зерттеп, жаға ұстатарлық цифрларды анықтаған еді.

Серіктес жаңалықтары