Астана әкімдігі қырғауыл шаруашылығы республиканың биоалуантүрлілігін сақтауға көмектесетінін баса айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Осылайша Астанада 950 қырғауыл табиғат аясына жіберілді.
«Биылға жоспарланған жұмыс орындалды – табиғатқа барлығы 1800 қырғауыл жіберілді. Қырғауыл шаруашылығы зиянкестермен биологиялық күресу арқылы орман алқаптарын сақтауға үлес қосады. Соңғы онжылдықтарда Астанадан 700 шақырым жерде орналасқан республиканың көптеген өңірлерінде қырғауыл ресурстары адамның араласуы мен реттелмеген аңшылықтың салдарынан айтарлықтай азайды», - делінген хабарламада.
Босатылғандардың барлығын бақылау жоспарланып отырғаны нақтыланды. Қажет болған жағдайда олар азық-түлікпен қамтамасыз етіледі.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының тауларында құтқарылған барыстың табиғатқа шығарылғаны хабарланған болатын.
Әлсіреген жыртқыш 19 сәуірде Сарбастау ауылының маңынан табылды. Оның артқы аяқтары жарақаттанған. 20 сәуірде хайуанаттар бағына жеткізілді, қажетті көмек көрсетілді.