×
449.88
486.64
4.83
#2023жылқорытынды #қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.88
486.64
4.83

Атыраулықтар 11 күн бойы ыстық сусыз отырады

30.08.2023, 16:49
Ашық дереккөз

Атырау қаласында 4-15 қыркүйек аралығында ыстық су беру тоқтатылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Атырау-жылу жүйелері мекемесінің баспасөз қызметі мәліметінше, ыстық су беруді уақытша тоқтату жөндеу жұмыстарымен байланысты болып отыр.

«Атырау қаласында 4-15 қыркүйек аралығында ыстық су беру тоқтатылады. «Атырау жылу жүйелері» АҚ күрделі жөндеу жоспарының кестесіне сәйкес қалада жылу пункттерінен магистральды жылу құбырларымен ыстық су беруді толық тоқтататынын хабарлайды. Осыған байланысты уақытша туындаған қиындықтар үшін кешірім сұраймыз», – деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетерлігі, қалада ыстық су беруді уақытша тоқтату бірінші рет емес. Онда жазғы маусымда ыстық су беру бірнеше рет тоқтатылды. Бұған жылу пунктеріндегі жабдықтарды тексеру, күрделі жөндеу шаралары себеп болғаны айтылды.
 

Серіктес жаңалықтары