×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«TikTok»-та онлайн-казино жұмысы дөңгелектеп тұр: 5 қылмыстық іс қозғалды

31.08.2023, 08:36
көрнекі фото, ашық дереккөзден

Елімізде 2019 жылдан бастап заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактілері бойынша өндірісте 1 148 іс болса, оның ішінде 849 адамға қатысты 940 іс аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, соңғы 5 жылда тіркелген істер санының 5,5 есеге төмендеуі байқалады.

“Жыл сайын анықталатын заңсыз ойын терминалдарының саны 16 есеге – 1260-тан 76-ға дейін азайды. Бұл ретте заңсыз ойын терминалдары бойынша қылмыстық істердің саны 2019 жылғы 208-ден ағымдағы жылғы 28-ге дейін, яғни 7 есеге азайды. Сонымен қатар, үй-жайларды жалға берушілерді жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдануда. Астыртын казино қызметін тоқтатуға бағытталған жұмыс шеңберінде анықталған құқық бұзушылықтар санын 2019 жылғы 35-тен а. ж. 12-ге дейін яғни, 3 есеге азайтуға мүмкіндік туды”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, заңды букмекерлік кеңселер атын жамылған, заңсыз ойын сайттарының 4 фактісі  анықталған. Алаяқтар белгілі букмекерлік кеңселердің атауларын (домендерін) қосымша аббревиатуралар қосу арқылы өзгерткен. Атап айтқанда, белгілі букмекерлік кеңсенің атымен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша тергеу басталды.

“Биыл «TikTok» желісінде құмар ойындардың онлайн трансляциясы жанданды. Айта кетейік, қатысушылардың басым көпшілігі кәмелетке толмағандар. Қабылданған шаралардың нәтижесінде ұйымдастырушылардың 177 аккаунты анықталды. Ойыншылардың күнделікті саны мыңдаған адамдармен өлшенді. 10 ұйымдастырушыға қатысты 5 қылмыстық іс қозғалды, оның 3-і бойынша үкімдер шықты (қалған істердің тергеуі жалғасуда). 4 адам бас бостандығынан айырудың нақты мерзімдеріне (4 жылдан) және 2 адам бас бостандығын шектеуге (1,5 жылдан) сотталды”, – деп мәлім етті агенттік.

Мамандардың айтуынша, «TikTok» платформасының жасанды интеллектісінің жұмысы жолға қойылған, бұл заңсыз контент эфирін жедел бұғаттауға мүмкіндік береді. Құмар ойындарды тарататын жаңа аккаунттар қысқа мерзімде автоматты түрде бұғатталады.

Жалпы, 2022 жылы 5,5 мың онлайн-казино сайттары мен аккаунттары, биыл – 2 мыңнан аса сайт бұғатталған.

Айта кетейік, жуырда Семейде букмекерлік кеңсе атын жамылып, заңсыз ойын бизнесін дөңгелеткендер ұсталған.

Серіктес жаңалықтары