×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Қазақ-өзбек серіктестігі бойынша құрылыс саласында уақытша ғылыми ұжымдар құрылады

13.09.2021, 09:33
құрылыс

Өзбекстан Қазақстанның құрылыс саласындағы тәжірибесін үйренуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты" АҚ («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) мен Өзбекстанның Құрылыс министрлігі жанындағы Құрылыстағы техникалық нормалау орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар бірқатар бірлескен жобаларды көздейтін өзара тиімді ынтымақтастық жөнінде уағдаласып отыр.

«Атап айтқанда, Қазақстан мен Өзбекстанның ғалымдары мен мамандарын тарта отырып, сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын негіздеу және орындау үшін бірлескен уақытша ғылыми ұжымдар құру жоспарланған. Қазақстандық мамандардың Өзбекстанда табиғи вибродинамикалық сынақтар жүргізуі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру, жер сілкінісіне төзімді ғимараттар мен құрылыстарды салу саласында ғылыми және ғылыми-әдістемелік конференциялар, семинарлар, симпозиумдар, дөңгелек үстелдер, кездесулер мен көрмелер өткізу, тәжірибе және ақпарат алмасу көзделген.

Фото: elorda.info

Серіктес жаңалықтары