×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

"ПК Asar Baspana" қаржылық пирамидасы халыққа 700 млн теңгеден астам залал келтірген

05.09.2023, 09:03

Қаржы пирамидасына басшылық жасады деген күдік бойынша "ПК Asar Baspana" компаниясының басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, аталған компания жеке тұлғалардың ақшасын кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, қатысушылар арасында қайта бөлген.

Залал сомасы 700 млн теңгеден асады.

“Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды. Егер сіз және сіздің жақындарыңыз аталған қаржы пирамидасының қызметіне тап болсаңыз, тұрғылықты жеріңіз бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2023 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында Қазақстанда қаржы пирамидаларын құрудың 69 фактісі анықталды.

Серіктес жаңалықтары