×
491.71
529.97
5.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.71
529.97
5.05

Президент Мұрат Әйтеновті отставкаға жіберді

05.09.2023, 12:35
Президент Мұрат Әйтеновті отставкаға жіберді
Коллаж: Ulysmedia.kz

Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әйтенов Шымкентті 2020 жылдан бері басқарды. Бұдан бұрын Ulysmedia.kz Әйтеновті әйгілеген оқиғаларға шолу жасаған. Мегаполисті басқарған жылдары шымкенттіктер оның отставкаға кетуін бірнеше мәрте талап етіп, мегаполисті күйреткенін алға тартқан болатын.

Әйтенов Қазақстандағы ең жас әкімдердің бірі бола тұра, "ескі гвардия" шенеуніктерінің тізіміне енді.

Оның билік баспалдағымен жоғары көтерілуі Нұрсұлтан Назарбаевтың тұсында басталды – біраз жылдық ғұмырын Мұрат Әйтенов ҚР Президентінің іс басқармасына арнады (2006-2019). Осы жылдар ішінде ол шаруашылық меңгерушісінен мемлекет басшысының іс басқарушысының орынбасарына дейін көтерілді. Білетін адамдардың сөзінше, Әйтенов "президенттің аспазы" деген атаққа ие болған.