×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Шаруа қожалығының басшысы оралдықтарды құлдықта ұстаған

08.09.2023, 12:36
Шаруа қожалығының басшысы оралдықтарды құлдықта ұстаған
көрнекі фото

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында шаруа қожалығының басшысы адамдарды құлдықта ұстаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, шаруа қожалықтарының бірінің басшысы еңбекке пайдалану үшін Орал қаласының тұрғындарын заңсыз ұстағаны жөнінде жедел ақпарат түскен.

«БҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында аталған дерек расталды. Соның нәтижесінде Орал қаласының бірнеше тұрғыны полицияға арызбен жүгінді. Факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабы 3-бөлігіне (бас бостандығынан заңсыз айыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», - делінген хабарламада.

Аталмыш бап бойынша айыпты деп танылған адам мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Айта кетейік, бұдан бұрын ІІМ қазақстандықтардың құлдыққа жиі түсу себебін айтқан.