×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Мексикада магнитудасы 5,6 болатын жер сілкінісі тіркелді

09.09.2023, 09:40
Ашық дереккөз

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы Мексикада магнитудасы 5,6 балдық жер сілкінісі болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жер сілкінісінің ошағы шамамен 130 мың адам тұратын Мансанильо қаласынан солтүстік-батысқа қарай 80 шақырым жерде орналасқан. Зілзала 35 км тереңдікте болған.

Құрбандар мен қирандылар туралы ақпарат түскен жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыдағы барлық тұрғын үйлердің үштен бірі жер сілкінісі кезінде құлауы мүмкін екенін хабарлап, алматылықтар әкім Ерболат Досаевқа көпқабатты үйлерді бұзуды ұсынған болатын.

Серіктес жаңалықтары